- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мамандары Беларусьтің қорғаныс-ғарыш кәсіпорындарын көріп қайтпақ
Қазақстан мамандары Беларусьтің қорғаныс-ғарыш кәсіпорындарын көріп қайтпақ
Министрлікте хабарлағандай, кездесу барысында ғарыш саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов өз әріптесін Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы туралы ақпараттандырды. Атап айтқанда, шетелдік қонақтар «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау және «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, Беларусь өкілдері болашақ Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс алаңында болды, онда әр түрлі мақсаттағы спутниктерді шығару және олардың жиынтықтаушы бөлшектерін дайындау жоспарлануда.
Министр Б. Атамқұлов Беларусь кәсіпорындары мен ұйымдарын бірлескен ғарыш жобаларын іске асыруға шақырды.
Кездесу соңында белорус тарабы қазақстандық мамандарды Беларусь Республикасының қорғаныс-ғарыш кәсіпорындарын көруге шақырды.
Бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрі мен Беларусь Үкіметі басшысының кездесу қорытындылары бойынша, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және Беларусь Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқа төрағасы Владимир Гусаков ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы