Үкімет

ЕАЭО елдері келісілген цифрлық саясатты жүргізу қажеттігін атап өтті

ЕАЭО елдерінде келісілген цифрлық саясатты жүргізу қажет. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян Астанадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 17:58

 «Отырыста біз негізінен өзекті мәселелерді талқылаймыз. Бүгінгі отырыста да шешілуі тиіс мәселелер қаралды. Ең алдымен, үкіметтер басшылары атап өткендей, бұл цифрлық өзгеріс. Біз өкілеттіктері жоғары ұлттық органдарға берілген экономикалық қызмет салаларында келісілген цифрлық саясат жүргізу керектігі туралы келістік. Себебі егер біз ортақ нарықтардың цифрлық ақпаратын бірлесіп жүзеге асырмайтын болсақ, бұл ортақ нарықтарды қалыптастыру үшін кедергі болатыны анық», - деді Алқа басшысы.

Тигран Саркисян айтып өткендей, ЕАЭО капитал нарығын, жұмыс күші мен қызметті  қалыптастыратын  ортақ қалыптастыру  логикасы болуы керек.

«Цифрлау  өмірімізге қарқынмен енуде,  біз ұстанымдарды келістік. Солар бойынша жұмыс істейміз. Біздің экономикалық  бірлігіміз  өзге қуатты цифрлық іргетаспен бекемделуі мүмкін, біздің бизнес экономикалық тиімділік бойынша сол бағытта  қозғалып жатыр. Біз дұрыс стратегияны қалыптастыруымыз керек», - деді ол.

Спикер айтып өткендей, стратегия  төрт бағытты қамтиды, бір тұжырымдама қалыптастыратын трансформация.

«Бірінші бағыт – ортақ нарықты цифрландыру, екіншісі- инфрақұрылыммен байланысты  цифрландыру, біз оларды цифрлық экономиканың  канондарымен сәйкестендіруіміз керек. Үшінші – басқару жүйесі, төртінші – қауіпсіздікпен байланысты мәселелер. Бұл төрт бағыт тұжырымдама бойынша келісілген, барлық тарап қолдады», - деді Т.Саркисян.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар айтқандай, келесі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы Ереванда өтеді.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика