EXPO-2017

Ғарышкер А.Айымбетов ЭКСПО қонақтарына өзінің ХҒА-ға сапары туралы айтып берді

ҚР Қорғаныс және әуеғарыш министрлігінің (ҚР ҚӘҒМ) және ведомствоға бағынышты ұйымдардың делегациясы министр Бейбіт Атамқұловтың басшылығымен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін аралады.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 08:47

Ведомстводан хабарлағандай, көрмені аралаудың мақсаты ғарыш қызметі саласындағы халықаралық және шетелдік компаниялармен байланыс орнату, жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу және қорғаныс-өндірістік кешенін дамыту.

ҚР ҚӘҒМ өкілдері «Нұр Әлем» ұлттық павильонында болды және Швейцария, Монако, Германия мен Италия елдерінің павильонын аралады.

 «Нұр Әлем» павилонында қазақстандық ғарышкер, «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК»АҚ вице-президенті Айдын Айымбетов көрмеге келген қонақтарды «Ғарыш Энергиясы» секциясында орналасқан әлемдік ғарыш тарихымен, онда қойылған экспонаттармен таныстырды.

Сонымен қатар, А. Айымбетов Халықаралық ғарыш айлағына сапары  барысында алған тәжірибесімен бөлісті.

Көрмеге сапар қорытындысы бойынша әлеуетті бағыттар бойынша шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнату туралы келісімдерге қол жеткізілді. 





Яндекс.Метрика