Үкімет

Беларусь ЕАЭО шеңберінде барлық міндеттемелерін орындауға дайын екенін мәлім етті

Беларусь Республикасы Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында өз мақсатын жеткізді. Бұл, ең алдымен, Кеден Одағының 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс жаңа Кодексіне қатысты. Бұл туралы Беларусь Республикасының премьер-министрі Андрей Кобяков Кеңес отырысы барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 17:04

Беларусь Республикасының премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде барлық міндеттемелерді орындауға толық дайын екенін мәлім етті.   

«Бүгінгі кездесу маңызды жұмыс мәселелеріне толы болды. Мысалы, біз тауарлардың қозғалыс механизмі туралы келісім жобасын талқыладық. Бізге тауарлардың заңсыз айналымға тартылуына жол бермейтін кедендік және салық төлемдерін төлеуден жалтару схемаларына қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді жүйесі қажет. Беларусь Республикасы барлық міндеттемелерді орындауға дайын. Бүгін біз келісімде қадағалаудың екіжақты негізде жұмыс істеуі тиіс екенін көрсету туралы келістік», - деп атап өтті Андрей Кобяков.

Бұдан бөлек, премьер-министр ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексі мүше мемлекеттердің экономикалық дамуын ынталандырушы факторлардың біріне айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Беларусь Республикасы 2018 жылдың басынан бастап Кеден Одағының жаңа Кодексінің қолданысқа енгізілуін көздейді. Бұл құжат кәсіпкерлік қызмет ортасы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Кедендік реттеу Одақ мемлекеттерінің транзиттік, инвестициялық, туристік тартымдылығын арттыруды, экспорттық әлеуетін ұлғайтуды, олардың экономикалық дамуын ынталандырушы факторлардың біріне айналады деп күтеміз. Беларусь Республикасы Одақтың цифрлық тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты қолдайды. Осы ретте, бүгінде іске асырылып жатқан IT-жобалар толық емес және жаңа бастамалармен өсетінін атап өткен жөн», - деді А. Кобяков.

Бұдан бұрын, РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев әуежайлардағы ұшу және қызмет көрсету тарифтерін теңестіруге мүмкіндік беретін әуе көлігі саласындағы жол картасының қабылдануы туралы айтқан болатын.  

Ақбота Күзекбай

Фото Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика