EXPO-2017

Пәкістанның ЖЭК-ты өндіру бойынша әлеуеті зор

Пәкістан 3 млн мегаватқа жуық күн энергиясын өндіре алады. Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық күнін атап өту барысында ҚР-дағы ПИР Төтенше және Уәкілетті елшісі Абдул Салик Хан хабарлады.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 19:58

Ол өз сөзінде атап өткендей, Пәкістан бекітілген заманауи жоғары сапалы күн картасынан жаһандық бастамалар аясында алғаш пайда көрген мемлекет.

«Біздің баламалы энергияны өндіруге мүмкіндігіміз зор - 2.9 млн Мегаваттқа (МВт) жуық күн энергиясын, З40 000 МВт жел, сонымен қатар 100 000 МВт жуық су электр энергиясын өндіруге қауқарымыз жетеді. Дер кезінде бекітілген заманауи жоғары сапалы күн картасы жаңартылған энергия көздерін енгізуге және одан ары дамытуға жақсы бастама берді. Аталмыш көрме Қазақстанның экономика, энергетика мен өнер саласындағы соңғы жетістіктерін паш етеді. Біз көрмеге қатысқанымыз үшін қуаныштымыз», - деп атап өтті Абдул Салик Хан.

Өз кезегінде, ҚР сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Қамалдинов атап өткендей,  бүгінде Қазақстан мен Пәкістанның арасында жан-жақты өзара тиімді достық қарым-қатынас орнатылған.

Сондай-ақ Пәкістанның тәуелсіздік алған күні оның EXPO-дағы ұлттық күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті ұлттық күн сахнасында еркіндік алған күн де тойланып жатыр. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, Қазақстан мен Пәкістанның әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді.

Айта кету керек, бұл ел табиғи дүниені қолданғанды қалайды. Сондықтан ыдыс-аяқтардың басым бөлігін саздан жасауды әдетке айналдырған. Мұнда сазбалшықтан жасалған үлкен пеш те орнатылыпты. Онда бір уақытта екі түрлі тағам пісіруге болады және оған электр қуатын шығындаудың қажеті жоқ. Жылу біркелкі берілетіндіктен, пісіп жатқан тамақ күйіп кетпейді.





Яндекс.Метрика