Үкімет

ЕАЭО-да Әуе көлігі саласындағы жол картасы қабылданады (ФОТО)

Әуе көлігі саласындағы жол картасы әуежайлардағы ұшу және қызмет көрсету тарифтерін теңестіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев Астанадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 16:32

«Бірыңғай көлік кеңістігін құру тұрғысында әуе көлігі саласындағы жол картасы қабылданады. Ол әуежайлардағы ұшу және қызмет көрсету тарифтерін теңестіруге мүмкіндік береді», - деп мәлім етті Дмитрий Медведев. 

Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің басшысы 2018 жылы Ресей ЕАЭО-да төрағалық ететінін атап өтті.  

«ЕАЭО мен басқа да интеграциялық бірлестіктердің, соның ішінде ТМД ынтымақтастығы тақырыбын атап өткім келеді. Бірқатар елдермен еркін сауда аймақтарын құру бойынша сауда келіссөздерін белсенді түрде жүргізе отыра, әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жұмысын жалғастыру қажет. Келесі жылы Ресей ЕАЭО-да төрағалық ету функциясын алады. Соңғы екі жыл ішінде нормативтік-құқықтық салада күрделі жұмыстар атқарылды. Еуразиялық интеграцияның болашағын айқындау қажеттігі туындауда», - деді ресейлік премьер. 

Д. Медведевтің айтуынша, төрағалық ету аясында экспортты қолдау, инвестициялық климат, еңбек стандарттары, инновациялық күн тәртібі, әріптестермен өзара іс-қимыл жасау сияқты бағыттар бойынша стратегиялық міндеттерге назар аудару жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасының премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңес Комиссиямен бірлесіп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы тауарларды қадағалаудың сапалы жүйесін әзірлеу мен енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен болатын.  

Ақбота Күзекбай

Фото Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика