Рухани жаңғыру

Астананың киелі жерлерінің картасына енген мәдени ескерткіштер анықталды

Қазіргі уақытта Астанада Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде сақталуы тиіс 20 тарихи және мәдени ескерткіш киелі орындар болып айқындалды.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 19:13

Атап айтқанда, тізімге Бозоқ қаласы, Шұбар қорымы, Саркрома қорымы, Күйгенжар қорымы, Көктал қорғаны, сондай-ақ Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмма театрының қойылым цехы ғимараты, «Қараөткел» мұсылман зираты, ХХ ғасырдың басындағы Б. Қосшығұлов атындағы мектеп, Константин-Еленин шіркеуі, 1895 жылғы "жасыл" мешіт қоршауы енді. 

Елорда әкімдігінде хабарлағандай, бүгінгі күні Астанада 46 тарихи және мәдени ескерткіш бар, олар 34 сәулет және қала құрылысы ескерткішін, 12 археологиялық ескерткішті қамтиды, оның ішінде 2 республикалық маңызы бар және 44 жергілікті маңызы бар ескерткіш. Барлық ескерткіштер бойынша күзет аймақтары анықталған. 

2013-2016 жылдар кезеңінде Астананың 13 тарихи-мәдени мұра ескерткіші қайта жаңартылды, олардың арасында «Мәңгілік ел» триумфалды аркасы, «Астана Бәйтерек» монументі, «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументі, Абай ескерткіші, С. Сейфуллин ескерткіші (Жеңіс даңғылы),  Кенесары хан ескерткіші, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмма театрының қойылым цехы ғимараты және басқалары бар.





Яндекс.Метрика