Экономика

2017 жылғы қаңтар-шілдедегі қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,5%-ды құрады

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 105,5% құрды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 14 Тамыз, 20:46

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4049,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 3,2% артық.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 12344,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 7,7% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 9,5%, өңдеу өнеркәсібінде 6,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 5,1% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,4% төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1180,2 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,7% артты.

2017 жылғы қаңтар-шілдедегі «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,4%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 305 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,6% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 151,8 млрд. жкм құрап, 3,3% артты.

2017 жылғы қаңтар-шілдедегі «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,7%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-шілдедегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,9%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 4674,2 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,4% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 9985,1 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,2% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 36719,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 30,5% артты, соның ішінде экспорт – 23167 млн. АҚШ долларын (38,3% көп), импорт – 13552,7 млн. АҚШ долларын құрады (19% көп).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 400216 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 391358 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 248490 құрады, оның ішінде 240120 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы шілдеде 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,6%, азық-түлік емес тауарларға – 3,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 3,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы шілдеде 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 3,5% жоғарылады.

2017 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 75890 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы маусымға қарағанда 1,7% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,4% төмендеді.

2017 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 149032 теңгені құрады.

2017 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 437 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы шілденің соңына 96,4 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,1%.

 

 





Яндекс.Метрика