• Басты
  • Қырғызстан ЕАЭО-ға өтетін тауарларды бақылайтын тиімді жүйені құруды ұсынды
14 Тамыз, 2017 15:49

Қырғызстан ЕАЭО-ға өтетін тауарларды бақылайтын тиімді жүйені құруды ұсынды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес бүгінде комиссямен бірге ЕАЭО мүше елдеріне келетін тауарларды тексеру бойынша сапалы жүйені енгізу аясында кешендік жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков Астанадағы Еуразиялық Үкіметаралық кеңес барысында айтты.
Қырғызстан ЕАЭО-ға өтетін  тауарларды бақылайтын   тиімді жүйені құруды ұсынды

Айта кетейік, отырыста    ЕАЭО күн тәртібінің  цифрлық мәселелері, тауарларды тексеру,  жол куәлігін  қадағалау  мәселелері  талқыланды.

Қырғыз елінің премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков айтып өткендей,  2 жыл бұрын ел ЕАЭО құрамына толық мүшесі ретінде енген.

«Көптеген мәселелер бойынша шешім қабылданды, қырғыз  тарапы қанағаттанып отыр. Бүгінгі кездесуге қатысу қырғыз елі үшін   ерекше маңызға ие, себебі бір күн бұрын біз  Қырғыз Республикасының ЕАЭО құрамына енгеніне  2 жыл толуын тойлаған болатынбыз. Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға енуінің қорытындысын шығара отырып, сыртқы сынақтардың әсер етуіне қарамастан  біз экономикалық  құлдыраудың алдын алып, Ұлттық экономиканы жаңа интеграциялық жағдайларға әзірледік», - деді Қырғызстанның премьер-министрі.

Оның айтуынша,  биылғы жылдың басынан бастап  көрші елдің экономикасы  өсімнің жақсы көрсеткішін көрсетті,  ол бірінші жарты жылдық бойынша  6,6 пайызды құрады.

«Аталмыш көрсеткішке әсер еткен  қолайлы факторлардың бірі ЕАЭО-да негізгі сауда серіктестерінің  экономикалық өсім мәліметтерін қалыпна келтіру болды. Біздің бірігуіміздің әлеуетіне келетін болсақ,  Қырғыз Республикасы үшін  ЕАЭО аясында бірқатар басым бағыттар бар, олар болашақта  елдердің экономикасына тиімді әсер етеді.  Біріншіден,  ЕАЭО күн тәртібін цифрлық дамыту», - деді Сооронбай Жээнбеков. 

Ол айтып өткендей, өзара табысты қамтамасыз ету, теңсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті сақтау   ұстанымдарын атап өтті.

«Цифрлық  жобалардың күн тәртібіндегі цифрлық  бағыттарымен үйлесуін маңызды деп есептеймін.  Ол ЕАЭО цифрлық дамыту саласында  маңызды стратегиялық құжатқа айналуы керек.  Қырғызстанда  цифрлық экономика  моделінің негізінде  ұлттық жоба қарастырылып жатыр.  Ол 2040 жылға дейінгі  ұзақмерзімді бағдарлама мен елдің  5 жылдық дамыту бағдарламасының негізі болып есептеледі», - деді спикер.

Екіншіден,  С. Жээнбеков айтып өткендей, өзара сауда көлемінің одан әрі артуы мен ЕАЭО елдерінің бірлескен экспортын  жетілдіру.

«Біз  Қытай, Үндістан және Иран сынды  әлемнің ірі экономикаларымен тереңдетілген  келісімдер мен  еркін сауда аймағы  туралы тиімді әрі таразыланған ортақ келісімдерді қарастырамыз. Одақтың халықаралық қызметі  ЕАЭО ішіндегі кедергілерді жоюмен қатар жүруі  керек. Еуразиялық үкіметаралық кеңес бүгінде комиссямен бірге  ЕАЭО мүше елдеріне келетін тауарларды тексеру бойынша сапалы  жүйені енгізу  бойынша  кешендік жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ЕАЭО елдерінде ақпараттық жүйені құруды талап етеді, ол бақылауды  қамтамасыз ету бойынша ақпарат алмасуға қажет.  Аталмыш механизмді енгізу  кедергілерімен күресіп, ЕАЭО елдері кеңістігінде  еркін саудамен айналысуға мүмкіндік береді», - деді премьер-министр.

Осы орайда, ел тараптарды ЕАЭО аймағында  тауарлар бойынша оқиғаларды реттеу мен тауарларды бақылау жүйесін  құру бойынша шешімді жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды