- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев: Сауда барысындағы кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек
Б.Сағынтаев: Сауда барысындағы кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек
«Жалпы экспорт көлемінде үшінші мемлекетке дайын тауар жеткізу бойынша өсім байқалады. Қазақстанда ЕАЭО елдерімен бірлескен 8 мыңға жуық кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде, менің ойымша бұл жақсы көрсеткіш және де бірлескен кәсіпорындар тізімін одан ары кеңейтуге қуанышты боламыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Атап өтер болсақ, ЕАЭО-ның Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы 2015 жылдың мамыр айында жасалған алғашқы келісім өз жемісін беруде.
«Вьетнам елінен келетін тауарларға баж салығын алып тастау арқылы біз осы елмен сауда-саттықты айтарлықтай арттырдық. Аталмыш бағыттағы алғашқы оң тәжірибе шет мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысты орнатуда мықты негіз болады. Өткен жылы Жоғарғы кеңесте мүше-мемлекеттер келісім жасауға мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастық орнату мақсатында келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды. Олар Иран, Үндістан және Сингапур», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, Иран бойынша келіссөздер қыза түсуде.
«Алайда ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Бүгінде 60-тан астам кедергілерден тұратын тізім жасалынып, мақұлданған. Қазіргі таңда «Жол картасын» жасақтау және жою жұмыстары жүргізілуде. Кеңестің келесі отырысында Жол картасын қарастыру қажет деп ойлаймын. Кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек, ал біз кедергілерді тек қағаз жүзінде алып тастауға ұмтыламыз», - деп сендірді Қазақстанның Премьер-Министрі.
ҚР Премьер министрі келелі кеңесте атап өткендей, уақыт бір орында тұрмайды, сондықтан жұмыстарды жалғастырып, өзгеде бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату керек.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек