- Басты
- Жаңалықтар
- Медициналық пойыз өңірлердің 35 мыңнан астам тұрғынына дәрігерлік қызмет көрсетті
Медициналық пойыз өңірлердің 35 мыңнан астам тұрғынына дәрігерлік қызмет көрсетті

Жалпы медицина қызметкерлерінде қаралған адам санының ішінде 6000 мың бала. Олар Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.
«Қазіргі уақытта «Саламатты Қазақстан» Ақмола облысының тұрғындарына қызмет көрсетуде. Екінші пойыз Қызылордада, ол жерде 25 теміржол станция,бөлімшелерімен маңындағы ауыл-аймақтарының тұрғындары медициналық тексерулерденөтті. Алда істейтін жұмыс өте көп», - деп хабарлады ҚТЖ.
Биылғы жылдың 12 сәуірінен бастап екі медициналық пойызбен170 мыңнан астам диагностикалық дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, 600 амбулаториялық ота жасалды. 3 мыңға жуық әйел маммологқа қаралды. Өңірлердің 12,5 мыңнан астам тұрғындары тіс дәрігерлерінің қабылдауында болды.
Екі пойыздың дәрігерлік кабинеттерінің қабылдау уақыты сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, үзіліссіз. Барлық процедуралар мен консультациялар тегін. Ерекше көңіл балаларға бөлінеді. Оларға арналған түрлі аттракциондар ұйымдастырылған.
Медициналық пойыздарды жасақтау жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР ІІМ жергілікті басқарамалардың қолдауымен жүзеге асырып отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді

