"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Медициналық пойыз өңірлердің 35 мыңнан астам тұрғынына дәрігерлік қызмет көрсетті

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» диагностикалық пойыздары төрт ай ішінде 120 теміржол станцияларға қызмет көрсетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан 14 Тамыз, 18:54

Жалпы  медицина қызметкерлерінде қаралған адам санының ішінде 6000 мың бала. Олар Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.

«Қазіргі уақытта «Саламатты Қазақстан» Ақмола облысының тұрғындарына қызмет көрсетуде. Екінші пойыз Қызылордада, ол жерде 25 теміржол станция,бөлімшелерімен маңындағы ауыл-аймақтарының тұрғындары медициналық тексерулерденөтті. Алда істейтін жұмыс өте көп», - деп хабарлады ҚТЖ.

Биылғы жылдың 12 сәуірінен бастап екі медициналық пойызбен170 мыңнан астам диагностикалық дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, 600 амбулаториялық ота жасалды. 3 мыңға жуық  әйел маммологқа қаралды. Өңірлердің 12,5 мыңнан астам тұрғындары тіс дәрігерлерінің қабылдауында болды.

Екі пойыздың дәрігерлік кабинеттерінің қабылдау уақыты сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін, үзіліссіз. Барлық процедуралар мен консультациялар тегін. Ерекше көңіл балаларға бөлінеді. Оларға  арналған түрлі аттракциондар ұйымдастырылған.

Медициналық пойыздарды жасақтау жобасын «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Денсаулық министрлігі, ҚР ІІМ жергілікті басқарамалардың қолдауымен жүзеге асырып отыр.

 





Яндекс.Метрика