- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда латын қарпіне ауысу мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылады
Қазақстанда латын қарпіне ауысу мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылады
Латын әліпбиіне көшу турасындағы мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашық айтып, мерзімді 2015 жылға дейін деп нақты белгілегені баршаға аян.
«Бұл бір күнде жүзеге асатын шаруа емес. Сол үшін қазір мемлекеттік комиссияны құрып жатырмыз. Ол комиссияның құрамына ғалымдар, депутаттар, үкімет мүшелері кіретін болады. Сондықтанда ұлттық әліпбиді латынға ауыстыру жөніндегі Елбасы белгілеген меже өз уақытында атқарылатын болады», - деді М. Құл-Мұхаммед.
«Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты Елбасы өз Жолдауында нақты мәселелерді атап көрсетті. Мұның ішінде терминологияға қатысты проблемалар да баршылық. Соңғы 10 жыл ішінде осы салада көптеген қателіктер кетті. Тіпті кейбір сөздерді өзіміз де түсінбей қалатын дәрежеге жеттік», - деді министр.
Бұл ретте М. Құл-Мұхаммед әрбір сала бойынша терминологияға терең үңілу қажеттігін айтып, алдағы уақытта 30 томдық шығарылатынын жеткізді.
«Ашығын айтатын бір мәселе - біз көп жағдайда латын тілінен енетін терминдерді өз орнында қалдыруға тиіспіз. Халықаралық терминдерді беталды аударудың қажеті жоқ», - деді ол.
«Сондай-ақ, өңірлерде көшелер мен алаңдарға өздеріне ұнаған кез-келген атауларды бере салу сияқты келеңсіздіктер де жойылатын болады»,- деген министр, қазақ есімдері мен тектерін жазу ережесінің жобасы да жасалып жатқанын жеткізді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды