- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында тұқым сапасын сараптау зертханасы ашылады
Ақмола облысында тұқым сапасын сараптау зертханасы ашылады
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, бұл 2010 жылы ИИДМБ өңірлік картасы шеңберінде іске асырылған алғашқы жобалардың бірі. Өткен жылы агрохимиялық зертхана мамандары ауыл шаруашылығы жерлерінің 10 мың гектарға жуық егіс алқабын зерттеген болатын. Ал жуық арада мұнда тұқым сапасын сараптау зертханасы ашылмақ.
Бұдан бөлек, өңір басшысы "Айбат" ЖШС егіс алқаптарын қарап шықты. Биыл Жақсы ауданында 433,8 мың га аумақта дәнді дақылдар мен бұршақ дәнділер егілген. Техниканың егіске дайындығы 100% құрайды.
Жақсы ауданының орталық ауруханасында өткен жылы терапия және хирургия бөлімшелерінде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген, ал биыл жергілікті бюджеттен қажетті медициналық жабдық сатып алуға қаражат бөлінген.
Сондай-ақ, облыс әкімі Т. Уәлиев атындағы спорт мектебінде де болды. Спорт кешені «Агрофирма TNK» ЖШС компаниясының негізгі әлеуметтік буыны болып табылады, ол 15 жыл бойы дарынды жас портшыларды толық қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы аудан мен облыста спортты дамытуға да көмектеседі. Мектепте бокс, грек-рим күресі, футбол, волейбол секциялары жұмыс істейді. Осы күнге дейін мұнда халықаралық дәрежедегі 3 спорт шебері, еңбегі сіңген спорт шебері және ҚР-ның 4 спорт шебері, сондай-ақ спорт шеберіне 41 үміткер дайындалған.
Сонымен қатар, «Урожай» ЖШС-да өңір басшысы іске асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты. Мұнда көлемі 60 000 тоннаны құрайтын дәнді дақылдарды сақтауға, тазарту мен кептіруге арналған элеватор, диірмен, дайын өнімдер қоймасы, жарма және макарон өнімдерін шығаратын зауыт салынып жатыр. Объектіні 2018 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Облыс әкімі Елбасының өңір алдына қойған тапсырмалары аясында осы жобаның маңыздылығын атап өтті.
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
АШ: Отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады