АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақмола облысында тұқым сапасын сараптау зертханасы ашылады

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Жақсы ауданындағы «AgroComplexExpert» ЖШС-ның тұқым сапасын сараптау зертханасында болып қайтты.
Ақмола 15 Тамыз, 09:56

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, бұл 2010 жылы ИИДМБ өңірлік картасы шеңберінде іске асырылған алғашқы жобалардың бірі. Өткен жылы агрохимиялық зертхана мамандары ауыл шаруашылығы жерлерінің 10 мың гектарға жуық егіс алқабын зерттеген болатын. Ал жуық арада мұнда тұқым сапасын сараптау зертханасы ашылмақ.  

Бұдан бөлек, өңір басшысы "Айбат" ЖШС егіс алқаптарын қарап шықты. Биыл Жақсы ауданында 433,8 мың га аумақта дәнді дақылдар мен бұршақ дәнділер егілген. Техниканың егіске дайындығы 100% құрайды.

Жақсы ауданының орталық ауруханасында өткен жылы терапия және хирургия бөлімшелерінде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген, ал биыл жергілікті бюджеттен қажетті медициналық жабдық сатып алуға қаражат бөлінген. 

Сондай-ақ, облыс әкімі Т. Уәлиев атындағы спорт мектебінде де болды. Спорт кешені «Агрофирма TNK» ЖШС компаниясының негізгі әлеуметтік буыны болып табылады, ол 15 жыл бойы дарынды жас портшыларды толық қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы аудан мен облыста спортты дамытуға да көмектеседі. Мектепте бокс, грек-рим күресі, футбол, волейбол секциялары жұмыс істейді. Осы күнге дейін мұнда халықаралық дәрежедегі 3 спорт шебері, еңбегі сіңген спорт шебері және ҚР-ның 4 спорт шебері, сондай-ақ спорт шеберіне 41 үміткер дайындалған. 

Сонымен қатар, «Урожай» ЖШС-да өңір басшысы іске асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты. Мұнда көлемі 60 000 тоннаны құрайтын дәнді дақылдарды сақтауға, тазарту мен кептіруге арналған элеватор, диірмен, дайын өнімдер қоймасы, жарма және макарон өнімдерін шығаратын зауыт салынып жатыр. Объектіні 2018 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Облыс әкімі Елбасының өңір алдына қойған тапсырмалары аясында осы жобаның маңыздылығын атап өтті. 





Яндекс.Метрика