- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да сауда саласы қарқынды дамуда
ОҚО-да сауда саласы қарқынды дамуда
Облыс экономикасының дамуына серпін беретін жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 6 айда 1,1 трлн теңгені құрапты. Бұл ретте негізгі үлесті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қосып отыр. Жалпы өңіріміздегі өнеркәсіп саласы өңдеу, тау-кен, бу, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібінен құралады.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, соңғы 6 айда өңдеу саласында 250,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндіру, фармацевтикалық, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп өнімдері есебінен жүзеге асып отыр.
«Облысымыздағы индустриаландыру картасының екінші бес жылдығы жоспарына сай 135 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Оның ішінде ағымдағы жылы 17 жобаны іске асыру көзделуде. Аталған 17 жобаның жалпы құны – 37 млрд теңгені құрайды. Егер жобалар толық іске асса, 909 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», - дейді Арман Сәбитов.
Өңірде сауда саласында даму байқалады. Соңғы 6 айда бөлшек сауда айналымы 182,3 млрд теңгені құрап, 18 млрд теңгеге артқан. Ал, сыртқы сауда айналымы 1,1 млрд АҚШ долларына жетсе, оның ішінде экспорт – 468,3 млн АҚШ долларын, импорт – 620,6 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Экспортқа негізінен ет, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, металл, машина, құрал-жабдық, тоқыма бұйымдары шығарылуда.
Айта кетейік, облыстың экспорт құрылымында Нидерланды, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Ауғаныстан мемлекеттерінің үлесі мол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы