- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Мұнайлы ауданында «Өрлеу» бағдарламасына 89 отбасы қатысты
2017 жылы Мұнайлы ауданында «Өрлеу» бағдарламасына 89 отбасы қатысты
Әкімдік хабарлағандай, сапар барысында аудандық Мәдениет үйіне жиналған жергілікті халыққа зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қолға алынған реформалар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жайы жеткізіліп, 200-ге жуық адам қамтылды. Аталған шарадан соң азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізілді.
Жеке қабылдау кезінде 6 азамат Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша елдің солтүстік аймақтарына қоныс аударуға ниет білдірді (2 отбасыдан Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына). Аудандық Жұмыспен қамту орталығына тиісті жанұяларды көшіруге қатысты дайындық жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Өзбекстаннан көшіп келген 2 азамат еңбек еткен жылдарына байланысты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін көтеріп, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасы байыпталды және жеке бас деректері құзырлы министрліктерге жіберілді.
Ағымдағы жылдың жеті айында «Өрлеу» жобасына 473 жаннан тұратын 89 отбасы қатысушы атанған. Бұл уақыт аралығында 726 адам жұмыспен қамтылған. Дегенмен, Еңбекмині өкілдері, әлі де жұмысты ширата түсу керектігін нұсқады.
Мұнайлы ауданында 1960 жылы туған 106 әйел өмір сүрсе, 39-ы жұмысқа орналастырылып, еңбек етуге құлшыныс танытқан 10 нәзік жанға жергілікті Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесетіні ұйғарылды.
Бұдан тыс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары Қызылтөбе ауылындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, «Өрлеу» жобасына қатысушылардың және де 1960 жылы туған әйелдердің үйін аралап, әлеуметтік-еңбек саласындағы тың бастамалардың мән-жайын түсіндірді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы 3 млн теңге сомасында шағын несие алып, 9 жаңа жұмыс орнын құрған кәсіпкер әйелдің тігін цехында ұлттық киім әзірлеу жолға қойылған. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы орган тарапы дайын өнімді өткізу нарығына шығаруға қолдау жасамақ.
Аудан әкіміне міндетті зейнетақы жарнамасы мен әлеуметтік төлемдер жөнінде аударымдарды төмендетіп алған 6 кәсіпорынның мәліметі берілді.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында ЕХӘҚ күндері 11 тамызда өткен болатын.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты