- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 72 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды
Ақтөбе облысында 72 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды
Бүгінде өңірде 171 ауылшаруашылық кооперативі құрылса, оның 95-і ет, 19-ы сүт, 5-еуі көкөніс және т.б. өндіру бағытында.
Ақтөбе облысының ауылшаруашылық кооперативтері 2 711 жеке қосалқы шаруашылықты, 108 фермерлік шаруашылық пен 30 заңды тұлғаны біріктірді. Кооперативтер бүгінде 841 тонна ет, 1528 тонна сүт пен 334 тонна өзге өнімдерді өндірді.
Осы жылдың өзінде облыста 72 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, оларға 11 сүт таситын көлік, 9 мұздату қондырғылары сатып алынды, 9 мал сою орны ашылып, сонымен қатар, 3 396 шағын отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылды.
«Ет-сүт өндіру бағытындағы 114 кооперативтің жартысынан көбі құрал-жабдықтармен және техникалармен жабдықталған. Қалған кооперативтер қажетті техникаларға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша иеленуде. Бұл орталықтандырылған шикізатты сапалы түрде жинау жүйесін реттеуге және оны өңдеу кәсіпорындарына жеткізуге мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық кооперативтерін қолдаудың осындай шаралары өндірілетін өнімнің әрі қарайғы дамуы мен көлеміне елеулі ықпал етеді», - делінген хабарламада.
Бұған қоса, дәстүрлі емес ауыл шаруашылық салалары да белсенді дамуда. Аталмыш бағыт бойынша ара, ешкі, балық, таңқурай, бұршақ пен бадана өсірумен айналысатын бес ауылшаруашылық кооперативі құрылды.
Атап айтқанда, құрамына 23 ара өсіруші кіретін «Ақтөбе ара өсірушілері» кооперативі құрылды. Кооператив өндіретін өнімін ішкі нарықта іске асырады. Өңірдегі барлық ара өсірушілер өткен жылы 12,9 тонна бал өндірген.
«Шекшек Ата» кооперативі бүгінде 17 тонна ешкі сүтін өндіріп, Ақтөбе қаласындағы ірі сауда орындарына шығаруда.
Бөдене жұмыртқасын шығарумен «Маджида» АШК айналысады. 20-дан астам құс өсірушіні біріктірген кооперативтің жалпы құс саны - 5000 бөденені құрайды. Қазіргі таңда кооператив 11 мың дана жұмыртқа шығарып отыр.
Сондай-ақ, өңірдегі шаруалар дәнді-бұршақты дақылдарды да табысты игеруде. Қобда ауданының өзінде бадана мен ноқат егу алқабы 59 гектарды құрады. Суару технологиясын қолдану фермерлерге кепілді өнімді алуына мүмкіндік береді.
Ақтөбеде «Болат ЛТД» ЖШС елімізде бірінші болып өнеркәсіптік таңқурай шаруашылығын қолға алды. Ағымдағы жылы дақылдың астық жинау танабы 25 гектарды құрайды. Алдын ала өнімділік - 15 ц/га. Осы жылдың күзінде таңқурайдың көпжылдық көшеттерін отырғызатын алқапты 45 гектарға дейін арттыру жоспарлануда.
Ағымдағы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа кооперативтер қажетті техниканы, құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, ет-сүт өндіру бағытындағы асыл тұқымды малдарды сатып алады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі