Үкімет

Үкіметаралық кеңестің премьер-министрлері тар шеңберде кездесті (ФОТО)

ЕАЭО мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тар шеңберіндегі кездесуін өткізуде.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 13:54

Таң шеңбер құрамындағы күн тәртібінде  ресми өкілдер  Еуразиялық экономикалық кеңестің  цифрлық  күнінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ,  премьер-министр бірқатар  мәселелерді  талқылады:

Еуразиялық экономикалық кеңес аясында тауарларды бақылау  механизмі туралы келісім жобасы бойынша жұмыс;  

ЕАЭО аясында  авиациялық оқиғаларды зерттеу комиссиясын құру туралы;

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне  ҚХР-дан келетін   тауарларды декларациялауды бақылау, Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы  арасындағы еркін сауда аймағының  қалыптасуы бойынша уақытша  келісім орнату келіссөздері туралы;

ЕАЭО елдеріндегі  зейнетақымен қамтамасыз ету келісімі жобасы  бойынша  жұмыс жүргізу туралы.

 Айта кетейік,  ЕАЭО мүше елдеріндегі еңбек етушілерді зейнетақымен қамтамасыз ету  зейнетақы қамту саласындағы  тең құқықпен жүзеге асырылады.

Келісім өз күшіне енген соң  ЕАЭО-ның кез келген елінде жұмыс істеуге болады.

Еңбек өтілі мен зейнетақы жиналымы  өзгермейді;

Ұлттық және  халықаралық автожол куәлігінің өзара расталуы жүзеге асырылады, ол  Еуразиялық экономикалық одақ елдері аймағында  кәсіпкерлік қызметті іске асыру мақсатында қолданылады.  

Айта кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр.

Отырысқа Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Федерациясының Үкімет басшылары қатысуда.  

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика