- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуымыз қажет – Н.Назарбаев
Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуымыз қажет – Н.Назарбаев
Кездесуге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Армения Республикасының Премьер-Министрі К.Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Жээнбеков, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелерінің елордаға келгендеріне қуанышты екенін жеткізіп, кездесудің Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен тұспа-тұс өтіп отырғанын айтты.
« Үкіметтер басшыларының өз мемлекетінің ұлттық павильондарына баруға, сондай-ақ Қазақстан мен өзге елдердің экспозицияларын аралап көруге мүмкіндіктері бар. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші жыл жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Бұл кезең әлемдегі және одаққа мүше елдердің ұлттық экономикасындағы күрделі ахуалдарға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, ортақ нарық пен бірыңғай экономикалық құрылым құру басты фактор болып саналады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы экономиканың өсімі елдер арасындағы тауар айналымының артып, өзара қарым-қатынастардың нығаюына тікелей байланысты екенін айтты.
«Біз осы уақыт ішінде дұрыс бағытта ілгерілей алдық деп есептеймін. Қазір орын алып отырған бірқатар мәселеге қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуымыз қажет. Алдымызда ел ішіндегі мәселелерді шешіп, өзара қарым-қатынасымызды одан әрі дамыта түсу міндеті тұр. Бұл жұмыстағы негізгі рөлді үкіметтеріміз атқарады. Бұл дегеніміз – экономикалық міндеттерді шешу, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттеу», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті кеңестің бүгінгі отырысы арқылы ұйымды әрі қарай дамытуға маңызды үлес қосылатынын атап өтіп, қатысушылардың жұмысына жеміс тіледі.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет