• Басты
  • Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды
14 Тамыз, 2017 15:14

Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қостөбе және Сухамбаев ауылдарында көптен күткен дәрігерлік амбулаториялар ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды

Аталған елді мекендердің тұрғындары жаңа ғимараттарда білікті медициналық көмек алатын болады. Амбулаторияларда заманауи медициналық жабдық орнатылған барлық қажетті кабинеттер бар.  

2 мыңға жуық адам тұратын Қостөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 15 келушіге арналған. Дәрігерге дейінгі қабылдау, терапевт, педиатр кабинеттері жұмыс істейтін болады. Өз зертханасы да бар. Жаңа мекемеде бір дәрігер, үш орта медициналық және бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Құрылысқа облыстық бюджеттен 60,6 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ Сухамбаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жобалық құны 61 млн теңгені құрайды. Ауыл тұрғындары жарық әрі кең үй-жайларда білікті бастапқы медициналық-санитариялық көмек ала алады. 

Бұл амбулатория да бір ауысымда 15 келушіге арналған. Штатта екі дәрігер, 7 орта медперсонал және психолог жұмыс істейді. 

Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлағандай, өңірде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылында және Мерке ауданының Ақермен ауылында тағы екі дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды