- Басты
- Жаңалықтар
- Есіл ауданында «Туған жер» аясында 12 жоба жүзеге асырылуда
Есіл ауданында «Туған жер» аясында 12 жоба жүзеге асырылуда
Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, «Ново-Приречное» ЖШС жыл соңына дейін Юбилейное ауылында газ құбырын тарататын желіні құрып, оны 160 үйге қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 3,5 шақырым жолды жөндеп, екі үй салу жоспарланған. Аталмыш әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 270 млн теңге жұмсау қарастырылған.
Өз кезегінде, «Заречный» ЖШС өз есебінен 110 млн теңгеге келесі жылдың соңына дейін Заречное ауылында спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ, өңір басшысы Есіл ауданындағы орталық қазандықтың құрылыс барысын тексерді. Бұл жерде жұмыс өткен жылы басталған болатын. Оны 2018 жылдың күзінде аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаның құны 6,9 млрд теңге, ол сапалы және толассыз жылумен 85 пайыз тұрғын үй массивін қамтамасыз етеді. Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында қаланың экологиялық жағдайы жақсарды: 10 қазандық консервленеді.
Сондай-ақ, М.Мырзалин Есіл қаласында жаңа қонақ-үй кешені «А*Star» кешенін қарады, қазіргі таңда кіреберіс жолдары мен автотұрақ құрылысы жүруде.
Облыс әкімі соңғы жылдары облыста бюджеттік қаржының бөлінуі артқанын айтты, олар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
«Қазіргі таңда мемлекет жұмыссыздарды жұмыспен қамту бойынша барлық шараларды жүзеге асырып жатыр. Жыл соңына дейін аталмыш колледж базасында қажетті мамандықтар бойынша оқытудан алты мыңға жуық тұрғын оқытылады», - деді әкім.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген