Үкімет

Қазақстан мен Арменияның Премьер-Министрлері екіжақты ынтымақтастықтың жаңа формаларын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 11:08

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.

Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

«Биыл Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады», - деп хабарлады рrimeminister.kz.

Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және а. ж. 16 тамызға жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.

Айта кетейік,  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы  Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтеді.

 

 





Яндекс.Метрика