Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қарағандыдағы Қаражал - Атасу автожолын жөндеуге 5 млрд теңге жұмсалады

Қарағанды облысындағы Жәйрем-Қаражал-Атасу жолын жөндеу үшін 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді, бұл туралы аймақ басшысының автожолдардың бүгінгі жағдайымен танысу мақсатында өткен жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Қарағанды 14 Тамыз, 16:13

Облыс әкімі алдағы екі жылда жол инфрақұрылымы қаншалықты өзгеретіні туралы хабарлады.

Қаражал мен Жәйрем тұрғындары аймақ басшысына тозығы жеткен жолдар жергілікті аймақтаң басты проблемасы екенін жеткізді. Атап айтар болсақ, ұзындығы 91 км Атасу-Қаражал жолы туралы айтылды, алайда өзгеде жолдардың бүгінгі жағдайы да мәз емес.

«Қаражалдың жол инфрақұрылымы туралы проблеманы мен бұрыннан білемін. Қазақстанның инвестициялар мен даму министрімен соңғы кездесуімде республикалық маңыздағы ұзындығы 144 км «Жәйрем-Қаражал-Атасу» жолын жөндеу мәселесін көтердім», - деп хабарлады Е.Қошанов.

Министрлікте 2018 жылы 66 км жолды орташа жөндеу жобасы мақұлданды. Атап айтқанда 56 км  жолды жөндеуден өтетін Жәйрем-Қаражал учаскесіне келісім берілді.  

Сонымен қатар, Қаражал – Атасу учаскесінде 10 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, 2019 жылға тағы 93 км жолды жөндеуден өткізу жоспарланған.

«Осылайша, екі жылдың ішінде Қаражал – Атасу жолының жабындысы ұсақ тастардан асфальтқа алмастырылады. Жалпы, бұл мақсатта шамамен 4 млрд 820 млн теңгені жұмсау жоспарланған», - деп түйіндеді әкім. 





Яндекс.Метрика