Халықаралық интеграция

Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтеді

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 10:52

Отырысқа Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Федерациясының Үкімет басшылары қатысады.  

Отырыс барысында үкіметаралық кеңес мүшелері ЕАЭО дамуының болашағы мен өзекті мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ, қатысушылар ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағының пайда болуына әкелетін уақытша келісім жасау жөніндегі келіссөздер мәселелерін талқылайды. Иранмен келісімге қол қою өндірушілер үшін тауарлар нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Сондай-ақ, Комиссияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасын келісу барысы туралы ақпараты тыңдалады. 

Барлық маңызды мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуы үшін берік негіз болатын келісілген шешімдер қабылдау жоспарлануда. 

 

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика