EXPO-2017

Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 36,1%-ға өсті

Біздің елдеріміздің арасындағы транзиттік-көліктік дәліз, логистикалық және индустриялық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясындағы Түркияның ұлттық күнінің ашылуында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 11:32

Т.Сүлейменов Қазақстан мен Түркияны ұзақ жылдық тарих, достық және өзара тиімді ынтымақтастық біріктіретінін атап өтті.

Түркия Қазақстан үшін Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған достық ниетті ел. Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы 6 айда 925,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы ұқсас мерзімге қарағанда 36,1%-ға жоғары. 

Сондай-ақ Министр «ЕХРО-2017» көрмесінің тақырыбы барынша өзекті екендігін атап өтті. Соңғы онжылдықта әлемдік қоғамдастықтың алдында тек энергетикалық ресурстардың таусылуы ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаның ластануы мәселесі де өткір тұр.

Ведомство хабарлағандай,  ҚР-дан Түркияға экспорт 53,8%-ға өсті және 563,3 млн. АҚШ долларын құрады. Түркиядан ҚР-ға импорт 15,5%-ға өсті және 361,8 млн. АҚШ долларын құрады. 

Ұлттық күн бағдарламасының аясында келушілердің назарына әуендер орындалып, әндер шырқалды.





Яндекс.Метрика