АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қызылорда облысында 300 мың гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Биыл жалпы 300 мың гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша бұл жұмыс алда да жалғасын табады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев мәлімдеді.
Қызылорда 14 Тамыз, 20:19

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарынан бері жер сұрап 112526 арыз түскен, оның 27667-і қанағаттандырылған (24,6 пайызы).

«Бүгінгі күнге 84952 өтінім заңдылықтарға сәйкес арнайы есепке қойылды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы кезекке қойылған 54728 арыз облыс орталығына тиесілі болып отыр», - деді басқарма басшысы.

Ол айтып өткендей,  биыл жалпы 300 мың гектарға топырақ зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жерлердің, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін, сапасын анықтау және олардың өзгерісін бақылау бағытындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің топырақтың балл бонитетін анықтау, топырақ зерттеу және топырақ зерттеу құжаттамаларын жаңарту және жер мониторингі шаралары республикалық бюджет есебінен жүргізіліп отыр», – деді басқарма басшысы.

 

 





Яндекс.Метрика