- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысындағы сүт цехы өндіріс көлемін арттырады
Ақмола облысындағы сүт цехы өндіріс көлемін арттырады
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, «Молпроджаркаин» ауыл шаруашылығы кооперативі мамыр айында іске қосылған болатын, және ол төрт ауылдық округтің халқынан сүт жинаумен айналысады. Болашақта кәсіпорын бұл бағыттағы жұмыс ауқымын кеңейтіп, жиналған сүтті «Аминов» ЖК цехына қайта өңдеуге жіберуді көздеп отыр.
Кәсіпорынның директоры В.Масловтың айтуынша, ауданның ауыл шаруашылығы кооперативтерімен ынтымақтастықты дамыту аясында сүт өнімдерін өндіруді тәулігіне 5 тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Ал, дайын өнімді сатумен «Рассвет» дүкені айналысады, сонымен қатар ол дайын өнімді мектептер мен балабақшаларға жеткізіп тұрады.
Содан соң, облыс әкімі екі наубайхананың құрылысымен танысты. Сыйымдылығы 9 мың тоннадай бидай сақтау қоймасының құрылысы келер жылдың соңына дейін аяқталады. Ал, осы күзде ауданда «Алтын Дән КЗ»ЖШС базасында қуаттылығы 60 мың тоннаға дейін бидайды сақтауға жететін аймақ бойынша ең ірі элеватордың бірі жұмыс істей бастайды.
«Еліміз бойынша бидай егумен айналысатын ірі аймақтардың бірі ретінде бізге осындай заманауи кешендердің пайда болуы өте маңызды. Жыл сайын облыста сыйымдылығы 100-ден 150 мың тоннаға дейін бидай сақтау кешендері пайдалануға беріледі. Бұл жолыда осындай жағдайлар жалғасын тапты. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 100 мың тонна шамасында болатын 4 бидай сақтау қоймасын пайдалануға беру көзделуде. Осы ретте, аймақтың бүгінде 6 млн тоннаға дейін бидайды сақтай алатын қуатталығы бар екенін атап өткім келеді», – деді әкім.
Бұдан басқа, өңір басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың «350 денсаулық сақтау нысанын салу» тапсырмасы аясында өткен жылы пайдаланылуға берілген және жергілікті емханамен біріктірілген 70 орындық ауруханада болып қайтты.
Мекемеде емделушілердің сапалы медициналық көмек алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде, ауруханада «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тартылған 10-ға жуық дәрігер жұмыс істейді.
Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда аудан орталығында 1500 орынға есептелген «Жастар» стадионының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Жұмыс сапары соңында Мәлік Мырзалин өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында салынған жылына 150 мың тонна фракциялық ұсақталған тасты өндіретін «Арка-К»ЖШС зауытында болды.
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай