• Басты
  • EQUUS жылқылар туралы трилогиясы әлемнің 50 елінде көрсетіледі – Д. Абаев
14 Тамыз, 2017 09:56

EQUUS жылқылар туралы трилогиясы әлемнің 50 елінде көрсетіледі – Д. Абаев

Ақмола облысында EQUUS жылқылар туралы деректі трилогиясының түсірілімі басталады, бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
EQUUS жылқылар туралы трилогиясы әлемнің 50 елінде көрсетіледі – Д. Абаев

BNews.kz хабарлағандай, түсірілімнің басталуы Ақмола облысында ағымдағы жылғы 28 тамызға жоспарланған. 

EQUUS фильмін Канада мен Германияның үздік түсірілім топтары түсірмек. Фильмде Лос-Анджелестің белгілі композиторы Даррен Фангтың симфониялық музыкасы орындалады. "Адамзаттың ұлы одиссеясы" жетістігіне сүйене отыра, бұл фильмді 2018 жылдан бастап әлемнің 50-ден астам елінде көрсету жоспарланып отыр. 

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ботай мәдениетінің тарихи кезеңі ұсынылған түсірілім алаңымен танысты. Ол жылқыны алғаш рет қолға үйрету дәл осы Ақмола облысының аумағында орын алғаны  ғылыми дәлелденгенін мәлім етті. 

«Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында біз табиғатты ғана емес, сонымен қатар бізге қалған барлық мұраны насихаттап, оны мақтан тұтыуымыз керектігін атап өткен болатын. EQUUS фильмі - шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп іске асырылып жатқан үлкен ғылыми жоба. Қазір «Қазақстан» корпорациясы мен Clearwater Documentary Inc арасында меморандум жасалды. Осы ретте «Қазақстан» РТРК" АҚ сериалды Қазақстан аумағында қазақ және орыс тілдерінде көрсету құқығына ие болады», - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Бұл жоба халықаралық аренада Қазақстанның кино, туризм, тарих және халқымыздың салт-дәстүрлері саласындағы беделін ілгерілетуге ықпал етеді.

«Фильмнің режиссері канадалық Найоби Томпсон, тең продюсері Нұрбол Баймұханов. Жоғары білікті кинематографист, арт-дизайнерлер мен дыбыс режиссерлерінен тұратын шетелдік түсірілім тобы ежелгі дала көшпенділерінің образдарын көрсету үшін кино саласындағы үздік қазақ мамандарымен, реквизиторлармен және каскадерлермен бірігіп жұмыс істейтін болады», - деп қосты Дәурен Абаев.

Equus фильмі үш сериядан тұрады. Онда жылқылардың адамзат тарихындағы рөлі ашылып, Орталық Азия даласында жылқы мәдениетінің қалыптасуы туралы айтылады. 

«Фильм әлемнің 20 елінде түсірілген. Біз төрт кезңді көрсетпекпіз: аңшылар, ботайлықтар, андрон мәдениетінің өкілдері және түркі-монғолдар. Тағы екі маңызды эпизодты айта кеткен жөн, бұл, әрине, біздің сақтар және Қазақ хандығы», - деді жоба авторы Нұрбол Баймұханов.  

Фото Абзал Қалиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды