- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен кездесті
Б. Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен кездесті
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде техникалық көмек көрсету, теміржол тарифтерін сәйкестендіру, азаматтарға қойылатын көші-қон талаптарын жеңілдету салаларындағы мәселелер талқыланды.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың 2017–2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеудегі елеулі ілгерілеуді атап өтті, ол екі ел арасындағы таяу келешекке бағдарланған стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудың Жол картасына айналуы тиіс.
Бұдан өзге, Премьер-Министрлер екі тараптың қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын межелеу бойынша Шартқа қол қоюға әзірлік деңгейін бағалады.
Сонымен қатар екі елдің өңірлік ұйымдардағы, соның ішінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің аясындағы өзара іс-қимылы тақырыптары қозғалды.
Оған қоса, Б. Сағынтаев пен С. Жээнбеков Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және а. ж. тамыздың соңында өтетін Қырғызстанның ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.
Кездесу соңында Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанды халықаралық көрмені қорытындылайтын Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитіне белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 272,3 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ға жоғары.
Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 38%-дан астам өсіп, 180,6 млн долларды құрады.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда қырғыз қатысуымен 1 287 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді