Үкімет

Беларусь ЭКСПО көрмесінде машина құрастыру саласының барлық шоғырын таныстырды (ФОТО)

Беларусь Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде машина құрастыру, ИТ-технология саласының барлық шоғырын таныстырды, деді Беларусь елінің премьер – министрі Андрей Кобяков ЭКСПО-дағы Беларусь Ұлттық күні аясында.
Нұр-Сұлтан13 Тамыз , 16:34

«Бүгін Беларусь Республикасы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында  Ұлттық күнін тойлап жатыр. ЭКСПО көрмесі – бірегей шара.  ЭКСПО көрмесінде  мемлекеттер әртүрлі саладағы  өз жетістіктерін таныстырып, мәдениеті, өнері, тарихымен бөліседі.  Өз кезегінде, ЭКСПО –ға келушілер  бір күннің ішінде  әлемдік өркениет бойынша саяхат жасай алады», - деді Беларусь елінің премьер-министрі.

 

Андрей Кобяков айтып өткендей, Ұлттық павильонның  тұжырымдамасы аталмыш идеялар бойынша әзірленген.

«Біздің қонақтар «Ұлы қамал»  қытай-беларусь  индустриалды паркінің қызметімен таныса алады. Ол  Жібек Жолы экономикалық белдеуінің маржаны болып табылады.   Біз  машина құрылысының барлық шоғырын таныстырдық. Ерекше назар  ИТ-технологиялар мен  таныстырылымдарға аударылды.  Ұлттық  өзгешелік  қолөнер заттарында көрініс тапқан», - деді премьер министр.

Осыған дейін  ҚР  Премьер –Министрі  Бақытжан Сағынтаев Беларусь павильонына  жоғары баға беріп, қазақстандықтарды техниканы  беларусьтық стандарт бойынша таныстыруға  шақырды.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Беларусь бизнес форумы  өтті, шара Беларусьтің Ұлттық күні  аясында ұйымдастырылды.  13-15 тамыз аралығында  беларусьтық өндірушілердің  «MadeinBelarus» көрмесі «Көрме» орталығында өтеді. 

Ақбота Күзекбай 

Фото:Абзал Қалиев, Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика