АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Астанадағы жәрмеңкеге Қызылорда облысы 270 тонна өнім жеткізді

Астанадағы жәрмеңкеге Қызылорда облысы 270 тонна өнім жеткізді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 14 Тамыз, 09:11

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен танысты.

« ЭКСПО-2017 көрмесі кезінле біз 4 жәрмеңке өткізудеміз. Бұл үшінші жәрмеңке. Бірінші екі күнде біз 400 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімін сатып үлгердік. Бүгін 270 тонна азық-түлік өнімінің 40 түрін әкелдік», -деді Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Жәрмеңкеде Сыр елінің мақтанышы, негізгі дақыл - күріш, Қызылорданың бүкіл Қазақстанға әйгілі қауын-қарбызы, Арал теңізінің дәмді балығы және басқа да өнімдер сатылуда. Нақтырақ айтқанда, күріш – 60 тонна, жылқы еті – 3 тонна, тауық еті – 1 тонна, сүт өнімдері – 4 тонна, қымыз – 0,5 тонна, шұбат – 0,5 тонна, ара балы - 0,2 тонна, балық - 15 тонна, конфет – 2 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 20 тонна, құлпынай, алма, алмұрт, өрік – 1 тонна, картоп – 35 тонна, сәбіз – 8 тонна, қырыққабат - 10 тонна, сөк, талқан – 0,5 тонна, ас тұзы – 5 тонна, қауын – 40 тонна, қарбыз – 50 тонна т.б. өнімдер бар. 

Сонымен қатар, жәрмеңкеде сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. 

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өтуде. Елорданың орталық паркінде «Сыр самалы» атты концерт, «Қазанат» ипподромындағы этноауылда эстрада әншілері, дәстүрлі орындаушылар, сондай-ақ «Томирис» би ансамблі өнер көрсетеді. 





Яндекс.Метрика