- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев қазақстандықтарды техниканы беларусьтық стандарт бойынша таныстыруға шақырды
Б.Сағынтаев қазақстандықтарды техниканы беларусьтық стандарт бойынша таныстыруға шақырды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өз құттықтау сөзінде ЭКСПО көрмесі тек Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің де әлеуетін таныстыратынын айтты.
«Қазақстан Үкіметі атынан ЭКСПО-2017 көрмесінде Беларусь Ұлттық күнінінің ашылуымен құттықтаймын. ТМД аумағында аталмыш көрме сынды шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан үшін бұл өте маңызды әрі жауапты сәт. Осы жолда бізді қолдаған достарымызға алғыс айтамыз. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы өте өзекті және ол 2020 жылға дейінгі Беларусьтің әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму Ұлттық стратегиясының ұстанымдарымен байланысты», - деді ол.
Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарды техниканы беларусьтық стандарт бойынша көрсетуге шақырды.
«Айта кетерлігі, болашақтың энергиясы саласында соңғы техникалық мүмкіндіктер таныстырылған Беларусь павильонының бірегейлігі – энергия үнемдейтін және экологиялық таза техника мен қондырғылардың өндірісі. Электробустың ерекше макетін атап өтіп келеді, ол көрмеге келушілердің назарын аударды. Осындай технология көрменің тақырыптық мазмұнына толық сәйкес болып отыр. Болашақта олар қалалар мен ауылдарда да таныстырылуы керек. Болашақта болашақтың энергиясы барлық әлем үшін қазіргі энергияға айналғанын тілеймін», - деді Премьер –Министр.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті, шара Беларусьтің Ұлттық күні аясында ұйымдастырылды. 13-15 тамыз аралығында беларусьтық өндірушілердің «MadeinBelarus» көрмесі «Көрме» орталығында өтеді.
Ақбота Күзекбай
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты