Үкімет

Б.Сағынтаев Қазақстан мен Беларусьтің сауда ынтымақтастығын дамытудың әлеуеті туралы баяндады (ФОТО)

Астанада Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті, шара Беларусьтің Ұлттық күні аясында ұйымдастырылды. 13-15 тамыз аралығында беларусьтық өндірушілердің «MadeinBelarus» көрмесі «Көрме» орталығында өтеді. Форум ашылуына екі елдің Премьер-Министрлері қатысты.
Нұр-Сұлтан 13 Тамыз, 14:02

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  айтып өткендей,  шағын және орта бизнестің қатысуы  екіжақты  ынтымақтастықты дамытуға жоғары серпін береді.

 «Шараға  60-тан астам компания  қатысуда,  алайда, беларусьтық тараптан қатысып  жатқан компаниялардың ресми саны-70, біздің тараптан  200 компаия бар.  Бұл екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты дамытуға үлкен қызығушылық бар екендігінің дәлелі. Әсіресе, елдердің шағын және орта бизнес  өкілдерінің қатысқаны қуантады. Біз көрме аясында осыған көзімізді жеткіздік», - деді Премьер-Министр.

Бүгінде Қазақстанда 250 бірлескен кәсіпорын беларусь бизнесінің қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей,  Қазақстан беларустық тараптан жаңа компанияларды қабылдауға дайын.

««MadeinBelarus»  көрмесі  елдер арасындағы өзара ынтымақтастықтың дамуына қосымша  серпін беріп, жаңа бірлескен  жобалардың пайда болуына септігін тигізеді. Біз оларды қуана қарсы аламыз. Техникалық өндірістің  тауарларының сапасы  өте жоғары. Жалпы, сауда-ынтымақтастық саланы дамытудың әлеуеті  үш бағыт бойынша өте жоғары: сауданы арттыру, инвестициялық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды  дамыту.  Біз әрбіреуін дамытуға дайынбыз. Қазақстан үкіметі  инвестициялық ахуалды дамыту бойынша  белсенді жұмыс жүргізуде», - деді ол.

Премьер-Министр айтып өткендей, бизнесті енгізудегі құжаттар саны азаюда, оларды алу үрдісі жеңілдетілді.

«Біз инвестициялар бойынша «KazakhInvest» ұлттық компаниясын халықаралық  өкілдер мен өңірлік филиалдардың  желілерімен байланыстырып арнайы құрдық. «KazakhInvest» Үкімет атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде жұмыс істейді», - деді Б.Сағынтаев.

Сондай-ақ, Премьер-Министр  жаңа халықаралық  қаржы орталығы  аясындағы  инвесторлардың жұмысы туралы айтып өтті.

«2018 жылдан бастап елде «Астана»  халықаралық қаржы орталығы  жұмыс істей бастайды. Ол Лондон, Сингапур, Нью-Йорк,Дубай қаржы орталықтарының  ұстанымы мен ағылшын құқығын тәжірибеде қолданады.  Қаржы  орталығының қатысушыларына  жеңілдетілген салық, виза және еңбек режимі енгізіледі», - деді ол.

Айта кетейік,  кездесу аясында талқыланған басты тақырып  инвестициялық әлеуетті таныстыру мен заманауи Қазақстанның экономикалық жетістіктері, екіжақты қарым-қатынас бағыттарын дамыту мәселелері.

Атап өтсек,  ЕАЭО ішіндегі импорт бөлігі Беларуське (36,6%)  және Ресейге  (34,1%) тиесілі.

Қазақстан Одақ  нарығында  ұсынылған тауарлар көлемінің  23% пайызына ие, Қырғызстан 3,7%, Армения 2,6%.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы  халықаралық өзара сауданың негізгі – тракторлар, ершікті тартқыш, көліктер мен  ауыл шаруашылығы мәдениетіне арналған механизмдер, сүті өнімдері, шиналар, жиһаз, дәрілік заттар мен сым, ағашжоңқалы тақта.

Ақбота Күзекбай 

Фото:абзал Қалиев 





Яндекс.Метрика