- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда автокөліктерді жою зауыты толықтай жұмыспен қамтылады
Қарағандыда автокөліктерді жою зауыты толықтай жұмыспен қамтылады
«Зауыттың қуаттылығы – жылына 50-55 мың машинаны немесе 60 мың тонна қара металды құрайды. Кәсіпорынның әлеуеті жоғары. Қарағанды облысы авто қалдықтарды қайта өңдеу орталығы болып таңдалды, ал еліміз бойынша 16 қабылдау бекеттері қызмет атқарады. Жеңіл көліктермен қоса зауыт жүк көліктерін және ауылшаруашылық техникасын да қайта өңдей алады. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ескірген техника жоюды қажет етеді. Меніңше, жасыл экономика шеңберінде бұл маңызды әрі лайықты жоба. Жәнеде ол жұмыс істейтін болады», - дейді Ғалымжан Жұмасұлтанов.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды обысында «Сарыарқа» ЕЭА-да еліміз бойынша ескі көліктерді жоятын алғашқы зауыт ашылған болатын. Жоба 2017-ші жылдың 26-шы шілдесінде іске қосылды. Қолданыстан шыққан көліктердің қалдықтарынан мұнда болат, алюминий, түсті металлдар қоспасы, сондай-ақ резеңке ұнтақтары мен көмірсутек өндірілетін болады.
Жобаның құны – 3,4 млрд. теңге. Компания толықтай қазақстандық болып табылады.
Бірінші кезеңде автомобильдер сығымдалып, қалдықтар фракцияларға бөлінеді. Екінші кезең 2018-ші жылдың қыс айларында іске қосылады деп жоспарлануда. Оған дейін балқыту зауытының құрылысын аяқтау қажет. Сонымен қатар екінші кезеңнің ішіне пирролизді жабдықтар орнату, автомобильдерден шыққан майлар мен сұйықтықтарды қайта өңдеу кіреді.
Ескі көлікті зауытқа автомобиль иелері өздері тапсыра алады. Оларға екі түрлі төлем ұсынылады: 150 000 қолма қол ақша немесе құны 350 000-нан кем түспейтін отандық көлік сатып алуға арналған сертификат беріледі. Жоюға жағдайына қарамастан кез келген ескі көлікті тапсыруға болады.
Қазақстанда 2016-шы жылдың қарашасында ескі автокөліктерді жою бойынша пилоттық жоба басталған болатын.
-
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді -
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы -
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары