- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылық мүмкіндігі шектеулі жандар велосипедпен Ыстық-Көлге аттанды
Алматылық мүмкіндігі шектеулі жандар велосипедпен Ыстық-Көлге аттанды
Көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команда Түңғыш президент саябағынан бастау алып, арнайы велосипедтерімен Қырғызстан еліне аттанып кетті. Велошабандоздар 500 шақырымға жуық қашықтықты 6 күннің ішінде жүріп өтуді жоспарлап отыр.
“Біз осы веломарафонға наурыз айынан бастап Капшағайға барып және жаттығу залында тыңғылықты дайындалдық. Содан халықаралық деңгейдегі веломарафон ұйымдастыру үшін, жаз айына ыңғайланып Ыстық көлді тандадық. Біз, арнайы көлікке арналған жолмен жүріп баратын боламыз. Себебі, мүмкіндігі шектеулі жандардың да қарапайым адамадар іспеттес, көптеген мақсаттарға жете алатындығың дәлелдегіміз келеді” - деді ұйымдастырушы және команда капитаны Бахтяир Базарбеков.
Веломарафон басталмас бұрын арнайы құттықтау сөзбен шығарып салуға осы бастаманың демеушілерімен серіктесері де келді. Сонымен қатар, концерттік іс-шара мен конкурстар ұйымдастырылып жеңімпаздар «Спорттық Алматы» жобасының арнайы сыйлықтарына ие болды. Көрермендер мен қонақтар патриоттық әндер тындап, биші қыздардың өнерлерін тамашалады.
Өз кезегінде, қатысушы спортшылар, демеушілерге алғыс білдірді.
“Барлықтарыңызға көп-көп рахмет! Достар, міне бүгінгі күнде келіп жетті. Мен барлығы да ойдағыдай болатынына сенімдімін” - деді веломарафонға қатысушысы Кенжеғұл Сейтжан.
Естеріңізге сала кетсек, осы жоба аясында былтыр 2 зағип және 4 көзі нашар көретін спортшылар, сонымен қатар 3 дайындалған «пилотшылар» 1200 шақырымды құрайтын Алматы - Астана жолын жүріп өткен болатын. Осы жылы сол спортшыларға 3 қыз қосылып, барлығын қосқанда 4 тандем (зағип) және 7 жеке (көзі нашар көретін) велосипедшілер ұзақ жолға аттанды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Елорданың дамуы: Қаланы абаттандыру, инвестиция, тұрғын үй, жол мәселелері -
АҚДМ есебі: БАҚ туралы жаңа Заң, пандемия кезіндегі ақпараттандыру жұмыстары -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Алматылықтарды дәрі-дәрмекпен қамтуға қанша қаражат бөлінді -
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19. Дәрi-дәрмекпен қамту мәселесі қалай шешілуде: сапасы, халыққа қолжетімділігі туралы -
ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады
-
ВИДЕО: Жуырда ерекше жандар түскен қазақстандық сериал жарыққа шығады
-
Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылды - министр