Ұлттың денсаулығы

Алматылық мүмкіндігі шектеулі жандар велосипедпен Ыстық-Көлге аттанды

Алматыда «Шексіздік спорт» жобасы аясында Алматы әкімшілігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында халықаралық веломарафон басталды, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.
Алматы қаласы 12 Тамыз, 14:32

Көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команда Түңғыш президент  саябағынан бастау алып, арнайы велосипедтерімен Қырғызстан еліне аттанып кетті. Велошабандоздар 500 шақырымға жуық қашықтықты 6 күннің ішінде жүріп өтуді жоспарлап отыр.

“Біз осы веломарафонға наурыз айынан бастап Капшағайға барып және  жаттығу  залында тыңғылықты дайындалдық. Содан халықаралық деңгейдегі веломарафон ұйымдастыру үшін, жаз айына ыңғайланып Ыстық көлді тандадық. Біз, арнайы көлікке арналған жолмен жүріп баратын боламыз. Себебі, мүмкіндігі шектеулі жандардың да қарапайым адамадар іспеттес, көптеген мақсаттарға жете алатындығың дәлелдегіміз келеді” - деді ұйымдастырушы және команда капитаны Бахтяир Базарбеков.  

Веломарафон басталмас бұрын арнайы құттықтау сөзбен шығарып салуға осы бастаманың демеушілерімен серіктесері де келді. Сонымен қатар, концерттік іс-шара мен конкурстар ұйымдастырылып жеңімпаздар «Спорттық Алматы» жобасының арнайы сыйлықтарына ие болды. Көрермендер мен қонақтар патриоттық әндер тындап, биші қыздардың өнерлерін тамашалады.

Өз кезегінде, қатысушы спортшылар, демеушілерге алғыс білдірді.

“Барлықтарыңызға көп-көп рахмет! Достар, міне бүгінгі күнде келіп жетті. Мен барлығы да ойдағыдай болатынына сенімдімін” - деді веломарафонға қатысушысы Кенжеғұл Сейтжан.

Естеріңізге сала кетсек, осы жоба аясында былтыр 2 зағип және 4 көзі нашар көретін спортшылар, сонымен қатар 3 дайындалған «пилотшылар» 1200 шақырымды құрайтын Алматы - Астана жолын жүріп өткен болатын. Осы жылы сол спортшыларға 3 қыз қосылып, барлығын қосқанда 4 тандем (зағип) және 7 жеке (көзі нашар көретін) велосипедшілер ұзақ жолға аттанды.

 





Яндекс.Метрика