- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму»: Әркім өз жобасын іске асыру үшін 18 млн теңге несие ала алады
«Даму»: Әркім өз жобасын іске асыру үшін 18 млн теңге несие ала алады
«Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында екі құрал бар – шағын несиелендіру және кепілдендіру. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз немесе жаңадан бастаған, тіпті жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге өз жобаларын іске асыру немесе жаңғырту үшін қаржыландыру қажет болса, олар 8 мың АЕК мөлшерінде несие ала алады – бұл жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 18 млн теңгеге жуық. Осы ретте, банктер қарызды беру, ұйымдастыру үшін қосымша комиссия алуға құқылы емес», - деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директоры.
Исламбек Қайырбеков нақтылағандай, қарыз инвестициялық мақсаттарға 5 жылға, ал айналым қаражатын толтыруға 3 жылға дейін беріледі.
«Жобаларды экономиканың барлық салаларында іске асыруға болады. Кез келген идея қолдау табады. Яғни жаңадан бастаған кәсіпкерлер міндетті түрде оқытудан өтіп, сертификат алуы тиіс. Ал жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер жұмыс орындарын ашуы тиіс, бұл шарттарда көрсетіліп, біздің бақылауымызға алынады. Биыл осы бағдарлама шеңберінде бюджеттен шағын несиелендіруге 10 млрд теңге бөлінеді. Біз банктермен несие келісімдерін жасастық, осы аптада қаражатты банктерге аударамыз», - деп түйіндеді спикер.
Еске сала кетейік, «Астана радиосы» эфирінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелеріне арналған «Стратегия» пікірталас клубының кезекті бағдарламасы өткен болатын. Онда «Kaz Arms» ЖШС қаржы директоры Татьяна Кузнецова отандық компания «Kaz Arms» ЖШС және оның қызметі жайында айтып берді.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы