• Басты
  • Жамбыл облысында 542,2 тонна астық жинақталды
12 Тамыз, 2017 11:36

Жамбыл облысында 542,2 тонна астық жинақталды

Жамбыл облысында егін ору науқаны, масақты дәнді дақылдар өнімін жинау жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында 542,2 тонна астық жинақталды

Бүгінгі күнге дейін егін алқаптарынан 542,2 тонна астық жинақталды. Облыс бойынша орташа өнімділік көрсеткіші гектарына 23,1 центнерді құрады.

Биылғы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 623,3 мың гектарға жетіп, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 29,8 мың гектарға артты.  

Есепті аралықта егін ору науқаны Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу және Талас аудандарында толық аяқталды.

Ал ағымдағы жылы Қордай, Т.Рысқұлав аудандарында астық жинау науқанының жемісті маусымы былтырғыдан бөлек байқалуда. Онда гектарынан 23,5 центнерден астам астық өнімі алынды. Егін ору науқанында көшбасшы аудандардың қатарын Меркі (23,4 ц/га) және Шу (23,2 ц/га) аудандары жалғастыруда.

Бүгінгі таңда өңір бойынша 257,8 мың гектарға егілген масақты дәнді дақылдардың 234,2 мың гектары орылып, қалғаны алдағы 8 -10 күнде аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, егін жинау жұмыстарына облыс бойынша барлығы 911 астық ору комбайндарының 701-і қатысуда.

ҚР Үкіметі тарапынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жазғы-күзгі дала жұмыстарына 15,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. (шілде айына  - 5000 т, тамызға – 3300 т, қыркүйекке - 3400 т және қазан айына - 3300 т).

Шілде айына бөлінген жанармай көлемінен 4965 тоннасы жеткізіліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2115 тоннадан астамы таратылды, яғни 42,6 %-ы. Жанармай қоймаларында 2850 тоннаға жақын дизель отыны сақталуда, шаруашылықтарға босату бағасы 1 литріне 125-128 тенгені құрайды, ал нарықтық баға 134-138 теңгені құрап отыр.

Айта кетерлігі, облыс бойынша астық жинау науқаны 90,9 % орындалып, егін орағы және күзгі дала жұмыстары өз деңгейінде және жоспарлы түрде жүргізілуде.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды