- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ауыл шаруашылығы өнімі 139,1 млрд теңгені құрады
ОҚО-да ауыл шаруашылығы өнімі 139,1 млрд теңгені құрады
Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 250,4 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ облыс шаруалары 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.
Облыс экономикасының дамуына серпін беретін жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 6 айда 1,1 трлн теңгені құрапты. Бұл ретте негізгі үлесті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қосып отыр. Жалпы өңіріміздегі өнеркәсіп саласы өңдеу, тау-кен, бу, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібінен құралады. Соңғы 6 айда өңдеу саласында 250,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндіру, фармацевтикалық, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп өнімдері есебінен жүзеге асып отыр.
«Облысымыздағы индустриаландыру картасының екінші бес жылдығы жоспарына сай 135 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Оның ішінде ағымдағы жылы 17 жобаны іске асыру көзделуде. Аталған 17 жобаның жалпы құны – 37 млрд теңгені құрайды. Егер жобалар толық іске асса, 909 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», - дейді Арман Сәбитов.
Өңірде сауда саласында даму байқалады. Соңғы 6 айда бөлшек сауда айналымы 182,3 млрд теңгені құрап, 18 млрд теңгеге артқан. Ал, сыртқы сауда айналымы 1,1 млрд АҚШ долларына жетсе, оның ішінде экспорт – 468,3 млн АҚШ долларын, импорт – 620,6 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Экспортқа негізінен ет, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, металл, машина, құрал-жабдық, тоқыма бұйымдары шығарылуда.
Айта кетейік, облыстың экспорт құрылымында Нидерланды, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Ауғаныстан мемлекеттерінің үлесі мол.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі