- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мамин Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша кеңес өткізді
А.Мамин Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша кеңес өткізді
Сапар барысында Асқар Мамин «Нұрлы жер» бойынша салынып жатқан аз қабатты несиелік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ақтөбе» ауданындағы құрылыстың жобалық шешілуі туралы ақпараттандырды.
Тұрғын үй массивінің шағын ауданында 2017-2018 жылдары 423 аз қабатты жеке үй салу жоспарланған. Биыл 194 үй 25 мың шаршы метр көлеміндегі үй пайдалануға берледі.
«Таунхаус» типінде 60 үй салынады, оның 22-сі 53,3 мың шаршы метрі биыл пайдалануға беріледі.
Бұдан өзге, бірінші вице-премьер қайта қалпына келтіріліп жатқан «Ақтөбе-Орск» автокөлік жолын қарап шығып, бірқатар ірі кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Сонымен, қуаттылығы жылына 50 мың тонна болатын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС мұнай-газ жабдықтары мен құбырларын шығарумен айналысады. Жобаның жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайды.
Елбасының халық өмірінің деңгейі мен сапасын арттыру тапсырмасын орындау мақсатында өңірде ауылдық елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында меморандумға қол қойылып, соның аясында Қазақстанда, яғни Ақтөбеде газ таратуды едәуір арттыруға мүмкіндік беретін «АГРС 300» автоматтандырылған газ тарату бекеті салынды. Айта кету керек, соңғы екі жылда Ақтөбе облысының газдандыру деңгейі 60%-дан 87%-ға дейін артты.
Бұдан басқа А.Мамин өз қызметін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен ИИДМД аясында жүзеге асырып отырған өңірдегі ірі жылыжай кешендерінің бірі «Грин Хаус Қазақстан» серіктестігінде болды. Жобаны жүзеге асыру облыстың жаңа піскен көкөністерге деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге, сонымен қатар, артық өнімді Ресейге экспорттауға мүмкіндік берді.
Жылыжайда Асқар Маминге елбасының азы-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңіраралық кооперация мен суармалы егіншілікті дамыту бойынша тапсырмасын орындауда өңірде қолданылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де Асқар Маминді өндірістің қыздыру пешінен бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Еске салайық, жоба Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған.
2016-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылған және жоспарланған МЖС жобаларының жалпы құны 28 млрд теңгені құрайды.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе А.Мамин Ақтөбе облысындағы оң динамиканы атап өтті.
« Біз бұл кеңесті Ақтөбеде өткізетін боламыз. Бұл жерде «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Кеңес жұмысына барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысып жатыр. Сіздерге Ақтөбе облысының тәжірибесін тұрғын үй құрылысы бағдарламасында қолдануларыңыз керек. «Нұрлы жер» бағдарламасын тиімді әрі сапалы жүзеге асыру ғана халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етеді», - деді А.Мамин.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды