Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

«Bastau Бизнес» жобасының қатысушылары стипендияға ие болады – Ж.Адаев

Ауылдарда «Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқу тобын құру бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл туралы осы жобаның үйлестірушісі Жасұлан Адаев «Астана радиосының» тікелей эфирінде «Стратегия» пікірталас клубы барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан11 Тамыз , 17:59

Ж. Адаев ақпараттандырғандай, ақпараттық, таныстыру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

«Адамдар өтініш береді, біз бұл тізімді жұмыспен қамту бөлімдеріне тапсырамыз, олар адамды тексеріп, оқытудан өтуге соңғы тізім құрастырады. Сондай-ақ, олар адамның кәсіпкерлік қабілетін анықтайтын іріктеуден өтеді. Бұл суреттерден тұратын психологиялық тест. Тест қорытындысы бойынша шекті балдан өткен адамдар кіретін оқу тобы құрылады», - деп ақпараттандырды Ж. Адаев.

Болашақ кәсіпкерлер күн сайын 4 сағат дәріс тыңдап, түстен кейін жеке консультация алады және өздерінің бизнес идеяларын талқылайды. Консультация барысында жобаға қатысушы идеясының пайдасы мен тиімділігі анықталады.

«Бір ай ішінде ол 12 модульден өтеді. Бұл білім беру қызметтерінің үлкен көлемі. Нәтижесінде, ол бизнес жоспарын жазып, оны комиссия алдында қорғайды. Осылайша ол қаржыландыруға үміткер болып, 17 мың теңгеге жуық стипендия алады және ауыл шаруашылығын қолдау қоры желісі бойынша несие алуға барады», - деді жоба үйлестірушісі.

Айта кетейік, «Bastau Бизнес» жобасын іске асыру алдында 135 бизнес-жаттықтырушы оқудан өткен. Олардың ішінен 100 адам іріктеп алынды, 80-і өңірлерге кетсе, 20-сы резервте қалды. Олар бизнеспен кемінде 3 жыл айналысып келе жатқан, жоғары білімі бар адамдар.

«Олар өздерінң жеке тәжірибесімен бөліседі, бизнес жоспар құруға көмектесіп, есептер жасайды. Сонымен қатар, бизнес-жаттықтырушылар үшін тұрақты негізде вебинарлар өткізіліп тұрады. Қаржы институттарының өкілдері және басқа да белгілі бизнес-жаттықтырушылар шақырылады. Әр вебинар сайын жаттықтырушылардың біліктілігі өсіп келеді, ал бұл бағдарламаны іске асыру сапасына әсер етеді және оның беделін арттырады», - деп түйіндеді Ж. Адаев.

Бағдарлама соңында «Bastau Бизнес» жобасының үйлестірушісі барлығын белсенді болуға және кәсіпкерлікпен айналысуға, сондай-ақ «Bastau Бизнес» жобасына қатысуға шақырды.

Бақытгүл Шеркенова




Яндекс.Метрика