- Басты
- Жаңалықтар
- «Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкер болуға көмектеседі – Ж.Адаев
«Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкер болуға көмектеседі – Ж.Адаев
Оның айтуынша, «Bastau Бизнес» жобасы Бағдарламаның екінші бағытының негізіне айналды.
«Bastau Бизнес» - бұл оқыту бағдарламасы, жобаның негізгі идеясы – жұмыссыз адамды жұмыс орындарын өзі аша алатындай кәсіпкер етіп шығару. Яғни шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық проблемасын шешу. Бұл жалпы әлемдік практика. Дамыған ауылдарда негізгі жұмыс беруші мемлекет емес, ШОБ екенін барлығы бұрыннан түсінген», - деп атап өтті Ж. Адаев.
«Bastau Бизнес» жобасы биыл іске қосылып, 5 жыл бойы іске асырылады. Бағдарлама ел бойынша жұмыс істейді және қазірдің өзінде оның нәтижелері көрінуде. Жобаның нысаналы аудиториясы – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар және жаңадан бастаған кәсіпкерлер.
«Оқыту процесі бір айға созылады – 8 сағат дәріс және 120 сағат жеке консультациялар. Олар кәсіпкерлер сияқты ойлауға, бизнесті қалай жүргізу керектігіне оқытылады. Оқыту нәтижелері бойынша олар өздерінің бизнес жоспарларын жаза алады. Оқудан өткен жұмыссыздардың 80 пайызында өздерінің бизнес идеялары болғаны қуантады. Бұл жақсы үрдіс, яғни олар өздерінің бизнес идеясын жағдайдан шығудың нақты нұсқасы ретінде қарастырады. 10 адамның 8-і өз ісін бастағысы келеді. Бұл өте қуантады», - деді «Bastau Бизнес» жобасының үйлестірушісі.
Оқыту нәтижелері бойынша тыңдармандар облыстық комиссия өкілдері алдында өздерінің бизнес жоспарын қорғайды және егер комиссия мақұлдаса, ауылдар мен аудан орталықтарында негізгі қаржыландыру көзі болып табылатын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан қаржыландыруға үміткер бола алады.
Бақытгүл Шеркенова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев