Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

«Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкер болуға көмектеседі – Ж.Адаев

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында «Bastau Бизнес» жобасы бойынша жұмыссыздарды оқыту жүргізіліп жатыр. Бұл туралы осы жобаның үйлестірушісі Жасұлан Адаев «Астана радиосының» тікелей эфирінде «Стратегия» пікірталас клубы барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан11 Тамыз , 17:52

Оның айтуынша, «Bastau Бизнес» жобасы Бағдарламаның екінші бағытының негізіне айналды.

«Bastau Бизнес» - бұл оқыту бағдарламасы, жобаның негізгі идеясы – жұмыссыз адамды жұмыс орындарын өзі аша алатындай кәсіпкер етіп шығару. Яғни шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық проблемасын шешу. Бұл жалпы әлемдік практика. Дамыған ауылдарда негізгі жұмыс беруші мемлекет емес, ШОБ екенін барлығы бұрыннан түсінген», - деп атап өтті Ж. Адаев.

«Bastau Бизнес» жобасы биыл іске қосылып, 5 жыл бойы іске асырылады. Бағдарлама ел бойынша жұмыс істейді және қазірдің өзінде оның нәтижелері көрінуде. Жобаның нысаналы аудиториясы – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар және жаңадан бастаған кәсіпкерлер.

«Оқыту процесі бір айға созылады – 8 сағат дәріс және 120 сағат жеке консультациялар. Олар кәсіпкерлер сияқты ойлауға, бизнесті қалай жүргізу керектігіне  оқытылады. Оқыту нәтижелері бойынша олар өздерінің бизнес жоспарларын жаза алады. Оқудан өткен жұмыссыздардың 80 пайызында өздерінің бизнес идеялары болғаны қуантады. Бұл жақсы үрдіс, яғни олар өздерінің бизнес идеясын жағдайдан шығудың нақты нұсқасы ретінде қарастырады. 10 адамның 8-і өз ісін бастағысы келеді. Бұл өте қуантады», - деді «Bastau Бизнес» жобасының үйлестірушісі.

Оқыту нәтижелері бойынша тыңдармандар облыстық комиссия өкілдері алдында өздерінің бизнес жоспарын қорғайды және егер комиссия мақұлдаса, ауылдар мен аудан орталықтарында негізгі қаржыландыру көзі болып табылатын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан қаржыландыруға үміткер бола алады. 

Бақытгүл Шеркенова




Яндекс.Метрика