ҚР ИИДМБ

Алматыда жаңа 13 өндірістік кәсіпорын іске қосылады

Алматыдағы Индустриалды аймақтың аумағында 13 өндірістік жобаның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы11 Тамыз , 19:14

«2019 жылға дейін балмұздақ өндірісі, етті қайта өңдеу кешені, мұнай өнеркәсібі үшін қағаз ыдыстар, құбырлар және т.б. шығаратын жаңа жобалар іске қосылады деп жоспарлануда», - деп хабарлады Алматы қаласының Индустриялды аймағы» (ИА) ЖШС бас директоры Әділ Бөрлібаев Алатау ауданындағы «Индустриялды аймақ және өнеркәсіп» тақырыбында өткен Инвестициялық форум барысында.

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар коммуналдық қызметтерді төлеу арқылы мемлекеттің инфрақұрылым құрылысына салған қаражаттарын қайтаруда. Сондай-ақ, Бөрлібаев инвесторларды бос жер бар кезде өз өндірістерін Индустриялды аймаққа орналастыруға шақырды.

Спикер өндірісті индустриялды аймаққа орналастыру шығындары түпкілікті арзандағанын атап өтті. Яғни, жер телімін жалға берудің мөлшерлемесі жылына бір шаршы метр үшін бар-жоғы 42 теңгені құрайды. Оның үстіне Алматы қаласының орталығына тікелей жақын орналасқан.

Сонымен бірге, форум барысында Алатау ауданы әкімінің орынбасары Қайыржан Жақсымбетов ауданның инвест әлеуеті туралы айтып берді, оның дамуына 2008 жылдан бері (құрылған сәттен бастап) бюджеттен 300 млрд-тан астам теңге бөлінді. Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9 жылдың ішінде 3 миллиард теңгеден 100 миллиард теңгеге дейін өсті. Ауданның тауар айналымы 889 миллион теңгеден 772 миллиард теңгеге дейін өсті.

Әкімнің орынбасары инвест ахуалды жақсарту бойынша басты міндеттердің бірі шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді төмендету екенін атап өтті.

«Индустрияландыру картасы» бағдарламасының шеңберінде Алатау ауданында 25 жоба іске асырылуда, оның 24-інде шамамен 5000 жаңа жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 104 жаңа жұмыс орны құрыла отырып, 619 миллион теңге сомасындағы 9 жоба мемлекеттік қолдау тапты. 




Яндекс.Метрика