- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы «Универсиада – 2017» нысандарының дайындық барысымен танысты
Мемлекет басшысы «Универсиада – 2017» нысандарының дайындық барысымен танысты
«Мемлекет басшысына барлық маусымға арналған «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын дамыту тұжырымдамасы таныстырылды», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен тағы да құттықтап, көзделген барлық жоспарлардың табысты іске асырылуына тілектестігін білдірді. Мемлекет басшысы Алматы облысы және жалпы республика үшін туризм индустриясының маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін мен тау туризмін дамыту саласындағы әлемнің көрнекті мамандарының ұсыныстарын қарап шықтым. Қазірдің өзінде Шымбұлақ тау шаңғысы кешені мыңдаған қазақстандықтың саламатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Жаңа тау шаңғысы курортының жобасы бүкіл еліміз үшін маңызды болып саналады. Алматыда және облыста туризмді дамыту 100 мыңға жуық қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаланың қарқынды дамуы тауларымызды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ. Еуропаның көптеген елінде адамдар кішкентайынан спорттың қысқы түрімен айналысады. Тау шаңғысы курортына баратын турист жылы және теңізі бар елдерге баратын туристерге қарағанда 6 есе көп кіріс әкеледі. Егер біз осы бағыттағы туристік саланы дамытатын болсақ, онда мыңдаған жұмыс орнын ашып, көп мөлшерде, соның ішінде табиғат қорғау саласына инвестицияны көбірек тартатын боламыз. Тек Шымбұлақ кешені ғана емес, облыстағы басқа да орындар пайдаланылатын болады және бұл ретте табиғат өз көрік-келбетін сақтап қала береді», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында тау шаңғысы курорты жобаларын іске асырудың нәтижесінде оның қазақстандықтар демалатын және бүкіл әлем туристері баратын танымал көпшілік орынға айналатынын атап өтті.
Бұған қоса, Мемлекет басшысына мұз айдыны мен Атлетикалық қалашықтың макеттерімен қоса, «Универсиада – 2017» болашақ инфрақұрылымының бірқатар жобалық нысандары таныстырылды.
Универсиадаға дайындық жөнінде баяндама жасаған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов екі нысанның – 3000 және 12000 көрерменге арналған мұз айдыны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталғаны туралы хабардар етті. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 439,9 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірлемелері жасалып жатыр. Ал 5 000 орынға арналған Атлетикалық қалашықтың техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасы әзірлену үстінде.
Алматы қаласының әкімі бұл нысандардың құрылыс-монтаж жұмысының басталуы 2014 жылдың бірінші тоқсанына, ал аяқталуы 2016 жылдың шілдесіне жоспарланғанын атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде