- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Алматы облысында ҚТҚ басқару жөніндегі пилоттық жобалар іске қосылады
Астана мен Алматы облысында ҚТҚ басқару жөніндегі пилоттық жобалар іске қосылады
Негізгі талқыланатын тақырыптың бірі ҚТҚ таситын көлік құралдарын бақылап отыратын аймақтық ақпараттық жүйені енгізу.
Кездесу барысында ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласының және Алматы облысының әкімдігі, «ӨКМ Операторы» мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы қалдықтарды қайта өңдеудің тетігін, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ҚТҚ бөлек жинау жүйесін енгізудегі маңызды мәселені бірлесе шешуге арналған ұзақмерзімді әріптестік жөнінде Меморандумға қол кояды.
Меморандумның басты мақсаты халықтың экологиялық білімін арттыру және аталған мәселе бойынша қоғамдық сананы қалыптастыру. Экологиялық білім беру саласындағы және қалдықтарды жүйелі басқаруды дамытудағы әлемдік тәжірибеде өзіндік орны бар GreenTech және CleanTech тетігін енгізу.
Шара аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының құрылғаны ресми түрде мәлімделеді. Сонымен қатар қауымдастықтың «Денсаулық үшін, баламның болашығы үшін, мен «жасыл» Қазақстан үшін» атты алғашқы жобасы таныстырылады.
Жоба аясында қоғамдық экологиялық білім жүйесін құру, 2020 жылға дейін 20 тәжірибелік қадам негізінде халықты осы жүйеге белсенді түре тартуды жүзеге асыру көзделіп отыр.
«For site» кездесуі аясында қатысушылар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруда идеологиялық жұмыс жүргізу мәселесін бірлесе талқылайтын болады. Атап айтқанда балалар, жастар және ересектер арасында экологиялық білімді көтеру мәселесі қозғалады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді