Экология

Астана мен Алматы облысында ҚТҚ басқару жөніндегі пилоттық жобалар іске қосылады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында "For site" кездесуі өтеді, оның басты мақсаты - үздік әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, заманауи технологияны пайдалану арқылы қалдықтарды басқарудың аймақтық инновациялық жүйесін құру.
Нұр-Сұлтан11 Тамыз , 19:56

Негізгі талқыланатын тақырыптың бірі ҚТҚ таситын көлік құралдарын бақылап отыратын аймақтық ақпараттық жүйені енгізу.  

Кездесу барысында ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласының және Алматы облысының әкімдігі, «ӨКМ Операторы» мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы қалдықтарды қайта өңдеудің тетігін, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ҚТҚ бөлек жинау жүйесін енгізудегі маңызды мәселені бірлесе шешуге арналған ұзақмерзімді әріптестік жөнінде Меморандумға қол кояды. 

Меморандумның басты мақсаты халықтың экологиялық білімін арттыру және аталған мәселе бойынша қоғамдық сананы қалыптастыру. Экологиялық білім беру саласындағы және қалдықтарды жүйелі басқаруды дамытудағы әлемдік тәжірибеде өзіндік орны бар GreenTech және CleanTech тетігін енгізу.

Шара аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының құрылғаны ресми түрде мәлімделеді. Сонымен қатар қауымдастықтың «Денсаулық үшін, баламның болашығы үшін, мен «жасыл» Қазақстан үшін» атты алғашқы жобасы таныстырылады.

Жоба аясында қоғамдық экологиялық білім жүйесін құру, 2020 жылға дейін 20 тәжірибелік қадам негізінде халықты осы жүйеге белсенді түре тартуды жүзеге асыру көзделіп отыр.

«For site» кездесуі аясында қатысушылар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруда идеологиялық жұмыс жүргізу мәселесін бірлесе талқылайтын болады. Атап айтқанда балалар, жастар және ересектер арасында экологиялық білімді көтеру мәселесі қозғалады.      




Яндекс.Метрика