• Басты
  • Швейцария Президенті ЭКСПО-2017 көрмесін планетамыз үшін маңызды алаң деп атады
11 Тамыз, 2017 18:54

Швейцария Президенті ЭКСПО-2017 көрмесін планетамыз үшін маңызды алаң деп атады

ЭКСПО-2017 көрмесі планетамызда тұрақты болашақ құруда негіз болуы мүмкін, деді Швейцария Конфедерациясының Президенті Дорис Лойтхард Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Швейцарияның Ұлттық күнін атап өту рәсіміне қатысу барысында.

Швейцария Президенті ЭКСПО-2017 көрмесін планетамыз үшін маңызды алаң деп атады | Strategy2050.kz

Конфедерация Көрмеге үлкен ықыласпен қатысуда, себебі "Болашақтың энергиясы" тақырыбы елдің баламалы энергия көздерін пайдалануға қатысты ұстанымын көрсетеді. 

Президенттің айтуынша, әр түрлі саяси шешімдермен байланыстағы технологиялық даму қазіргі уақытта энергетикалық секторда ғана емес, сонымен қатар, басқа да салаларда түбегейлі өзгерістерге әкелуде. Сол себепті Қазақстан осындай ауқымды іс-шараны Орталық Азияда алғаш рет өткізе отыра, дұрыс таңдау жасады. 

«Әлем өзгеріп келе жатыр. Қоршаған орта, адами құндылықтар және тұрақтылық 21 ғасырдағы үлкен сын-тегеурін болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесі "Болашақтың энергиясы" атты тақырыбымен планетамызда тұрақты болашақ құруда негіз болуы мүмкін. ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуі әлемдік қоғам үшін аса маңызды. Мұнда біз өзіміздің ең жаңа технологияларымызды одан әрі тарата аламыз және Қазақстан мен Швейцария арасындағы тұрақты ынтымақтастыққа сүйене аламыз», - деп атап өтті Д. Лойтхард.

Айта кету керек, Швейцария Жаһандық инновациялық индекс рейтингіне сәйкес, жеті рет әлемдегі ең инновациялық ел ретінде аталған болатын. Атап айтқанда, «Энергетикалық стратегия 2050» осы бірегей елдің болашақ ұрпағына энергияның қауіпсіз әрі сенімді жеткізілуіне кепілдік береді. Аяқталғаннан кейін бес атомдық электр станциясы өз жұмысын тоқтатпақ. Осы және басқа да маңызды шешімдер әлем елдерінің тұрақты дамуына ықпал етеді. Швейцарияның осы бағыттағы тәжірибесі олардың Ұлттық павильонында көрініс тапқан. 

Қазақстан Республикасы қаржы министрі Бахыт Сұлтанов бұл сапардың Қазақстан мен Швейцария арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өту жылында өтіп жатқанын атап өтті. Елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда. 

«Біз Швейцария Үкіметінің және Сіздің баламалы энергия көздерін дамытуға қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Швейцария халқы қабылдаған "Энергетикалық стратегия - 2050" бағдарламасы жасыл экономиканың дамуына едәуір үлес қосып, елдің одан әрі экономикалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Қазақстан да осы бағытты белсенді дамытуға ниетті. ЭКСПО-2017 көрмесі ел экономикасын одан әрі жаңғыртуға үлкен серпін беретін жалпыұлттық жоба болып табылады және жаһандық проблемаларды шешу үшін әлемдік алаңға айналатыны анық», - деп қорытты қаржы министрі.

Сонымен қатар, Ұлттық күнді атап өту аясында Кантон Тичино мен Алматы облысы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Кантон Тичино Альпы тауларының оңтүстігіне қарай орналасқан Швейцарияның бір бөлігіне жатады. Кантон өзінің географиялық орналасуының арқасында Солтүстік және Оңтүстік Еуропаны және Еуропаның екі маңызды экономикалық өңірін біріктіреді, бұл  Тичиноны аса құнды стратегиялық әріптес етеді. 

Швейцарияның Ұлттық павильоны Конфедерация дәстүрлі және баламалы энергияны өндіру және тұтыну саласындағы үздік әлемдік әзірлемелер мен перспективалы жобалар елі болып табылатынын растайды. Бүгінгі күні павильон шынында да Қазақстан мен Швейцарияның ғылыми орталықтары мен университеттері арасындағы ғылыми-техникалық өзара іс-қимыл үшін тиімді тұғырнамаға айналды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды