АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Камышенка ауылында мал басының жалпы санын 7000-ға дейін жеткізу жоспарлануда

Шығыс Қазақстан облысының Камышенка ауылында СТФ ауқымды қайта құру жүріп жатыр. Жаңартылған фермада сиыр сауу толығымен автоматтандырылады, ал малдарды күтіп-ұстау үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Өңір басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданында болып қайтты.
Шығыс Қазақстан11 Тамыз , 20:16

Бұдан бөлек, фермада сиырлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.  

Шаруа қожалығының басшысы Владимир Акуловтың айтуынша, толық қайта құру биылғы жылдың қазанында аяқталмақ. Бұл мақсаттарға 200 млн теңге көлемінде жеке қаражат бөлінген. Жаңартылған СТФ 360 басқа арналған, күзден бастап екі фермада 700 сиыр сауылатын болады. 

«Шаруа қожалығында жұмысқа жауаппен қаралады. Ең жақсы жабдық орнатылған, кадрлардың мәселелері қаралады, жоғары сапалы азық дайындалады. Мал басының тазалығы үнемі бақылауда. Бұл өте маңызды», – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Бүгінгі күні үлкен шаруашылықта 2 мыңға жуық сауылатын сиыр бар, алайда, биылғы жылдың өзінде оларды 7000-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика